
2026 жылғы 9 сәуірде МКК Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметовтың төрағалығымен алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – акциздердің толық әрі уақтылы төленуін қамтамасыз ету, өнімнің заңсыз айналымы деңгейін төмендету және нарықтың ашықтығын арттыру.
Кездесу барысында өнімнің заңсыз айналымы, акциздік салық салу мәселелері және тауарлардың қадағалануын күшейтуге бағытталған ықтимал шаралар қаралды.
Энергетикалық сусындар нарығы Қазақстан Республикасы аумағында жалпы қалыптасқан және тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді.
Негізгі тұтыну кәмелетке толған аудиторияға тиесілі, сондай-ақ нарық қатысушылары қолданыстағы шектеулер мен заңнама талаптарын сақтауға мүдделі екенін білдірді.
Өндірістің елеулі бөлігі Қазақстан аумағында шоғырланған, және бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық кәсіпорындар өнімдерін Орталық Азия, Кавказ елдеріне және басқа да шетелдік нарықтарға экспорттайды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар нарықты реттеу және тауарлардың қадағалану тетіктерін жетілдіру бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдармен және мүдделі мемлекеттік құрылымдармен үйлестіру жұмыстарын күшейте отырып, акцизделетін өнімдердің айналымын бақылау тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.