Меню
Страницы

МКК төрағасының Қостанай қаласында халықпен кездесуі

МКК төрағасының Қостанай қаласында халықпен кездесуі

         2026 жылғы 7 сәуірде Қостанай қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының іске асыру аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қостанай облысының тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. 

         Жиын барысында төраға Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті, оның ішінде салық және кеден заңнамаларына өзгерістер енгізу, жаңа ақпараттық жүйелердің артықшылықтары, халыққа сервистік қызмет көрсетуге көшу, адал бизнесті қолдау, сонымен бірге 2026 жылға арналған алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. 

         Ашық диалог форматында өткен кездесуде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды арттыру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

       Сөз соңында Жандос Дүйсембиев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар азаматтармен жеке кездесу өткізді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты