Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ-ны растау.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ЭШФ» АЖ-де алушының келесі құжаттарды растаудың жаңа тетігі қолжетімді болады:
– Түзетілген ЭШФ;
– Қосымша ЭШФ;
– ЭШФ-ны кері қайтарып алу (негізгі, түзетілген, қосымша).
Бұл тетік алушы тиісті ЭШФ жазылған немесе кері қайтарып алынған күні ҚҚС төлеуші болған жағдайда ғана қолданылады.
ҚҚС төлеуші еместер үшін бұрынғы тетік сақталады: құжаттан 10 күнтізбелік күн ішінде бас тарту мүмкіндігі. Егер ЭШФ (ЭШФ-ны кері қайтарып алу) белгіленген мерзім ішінде бас тартылмаса, ЭШФ расталған болып есептеледі.
1. Кім және нені растауға міндетті?
|
Жағдай |
ҚҚС төлеуші (алушы)
|
ҚҚС төлеуші емес (алушы) |
|
Түзетілген ЭШФ алынды |
Растауға немесе бас тартуға міндетті |
10 күнтізбелік күн ішінде бас тарта алады |
|
Қосымша ЭШФ алынды |
Растауға немесе бас тартуға міндетті |
10 күн ішінде бас тарта алады |
|
ЭШФ-ны кері қайтарып алу алынды (негізгі, түзетілген, қосымша) |
Растауға немесе бас тартуға міндетті |
10 күн ішінде бас тарта алады |
2. Жүйеде түзетілген/қосымша ЭШФ, ЭШФ-ны кері қайтарып алу жазылғаннан кейін не болады?
Түзетілген, қосымша ЭШФ немесе ЭШФ-ны кері қайтарып алу жазылғаннан кейін, егер алушы түзетілген/қосымша ЭШФ жазылған немесе кері қайтарып алынған күні ҚҚС төлеуші болса, жүйе:
a) Құжатқа тіркеу нөмірін береді;
b) Оны келесі мәртебеге ауыстырады: түзетілген және қосымша ЭШФ үшін – «Алушының растауын күтуде»; ЭШФ-ны кері қайтарып алу үшін – «Алушының кері қайтарып алуды растауын күтуде».
c) Алушының басшысына, ЭШФ АЖ-дағы жұмыс істеп тұрған қызметкерлерге құжатты (кері қайтарып алуды) растау немесе бас тарту қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Маңызды: «Алушының растауын күтуде», «Алушының кері қайтарып алуды растауын күтуде» мәртебесіндегі ЭШФ қолданыстағы болып саналмайды.
3. Растау / бас тарту мерзімдері.
ҚҚС төлеушілер үшін:
– Растау немесе бас тарту талап қою мерзімі ішінде мүмкін болады.
– 10 күндік шектеу қолданылмайды.
ҚҚС төлеуші еместер үшін:
– Бас тарту үшін бұрынғы 10 күнтізбелік күн мерзімі сақталады.
– Мерзім өткен соң құжат автоматты түрде расталған болып есептеледі.
4. Расталғаннан кейін құжаттардың мәртебесі қалай өзгереді?
Егер түзетілген ЭШФ расталса:
– Мәртебе «Жеткізілді» болып өзгереді.
– Барлық алдыңғы байланысты ЭШФ-лар (негізгі, қосымша) жойылады.
Егер қосымша ЭШФ расталса:
– Мәртебе «Жеткізілді» болып өзгереді.
Егер ЭШФ-ны кері қайтарып алу расталса:
– ЭШФ «Кері қайтарып алынды» мәртебесін алады.
5. Қабылданбағаннан кейін құжаттардың мәртебесі қалай өзгереді?
Егер түзетілген/қосымша ЭШФ қабылданбаса (отклонен):
– Мәртебе «Бас тартылды» болып өзгереді.
Егер ЭШФ-ны кері қайтарып алудан бас тартылса:
ЭШФ алдыңғы қолданыстағы мәртебесін «Қаралмаған» немесе «Жеткізілді» күйіне қайтарады.
6. Талап қою мерзімінің өтуі.
Егер талап қою мерзімі өтсе, ал құжат расталмаса/бас тартылмаса, онда түзетілген/қосымша ЭШФ үшін мәртебе «Есепке жатқызуға немесе шегерімге жатқызу үшін «ЭШФ» АЖ-мен жойылды» («Аннулирован ИС ЭСФ для отнесения в зачет или на вычеты») болып өзгереді.
ЭШФ-ны кері қайтарып алу үшін мәртебе кері қайтарып алу әрекетіне дейінгі күйге қайтарылады.
7. Қосымша ерекшеліктер:
– Байланысты құжат бойынша «Алушының растауын күтуде» мәртебесінде ЭШФ болса, түзетілген/қосымша ЭШФ жазуға болмайды.
– Түзетілген/қосымша ЭШФ әлі расталмаған болса да, оларды кері қайтарып алуға рұқсат етіледі.