Жауап: Жүктілік және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асыратын орган — Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
Жауап:Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары» реттейді.
Жауап: ЕХӘҚМ тарапынан МКК сұрау салулар салық агенті (жұмыс беруші) әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудармаған жағдайда жіберіледі.
Жауап: МКК салық агенттері (жұмыс берушілер) салық есептілігінде (салық декларацияларында) есептеген және көрсеткен табыстар туралы мәліметтерді ЕХӘҚМ-ға ұсынады.
Жауап: МКК табыстар туралы мәліметтерді тек салық есептілігінен (салық декларацияларынан) алады. Сондықтан салық есептілігінде (салық декларацияларында) мәліметтер болмаған жағдайда табыс расталмауы мүмкін.
Жауап: Әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту мәселелері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мекемесіне жүгіну қажет.
Жауап: МКК тек ЕХӘҚМ сұратқан кезең бойынша табыстар туралы мәліметтерді ұсынады.
Жауап: Бұл жағдайда әлеуметтік аударымдарды төлеу қажеттілігі және бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушіге жүгіну керек.
Жауап: Жоқ, мағлұмат МКК ақпараттық жүйелерінде көрсетіледі, сондай-ақ, сұрау келіп түскен кезде жаңартылған мәліметтер ұсынылған салық есептілігінен (салық декларациясынан) алынып, ЕХӘҚМ жолданады.
Жауап: Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару бойынша жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі.