Меню

Страницы

Статья

Егер адам декларацияда қате жіберсе, оны қалай түзетуге болады?

       1.Егер адам декларацияда қате жіберсе, оны қалай түзетуге болады?

        Салық кодексінің 211-бабына 1-тармағына сәйкес салық төлеуші өзгерістер мен толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілік жасау арқылы салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

       Салық кодексінің 48-бабын 2-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі үш жыл ішінде салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және кері қайтарып алуға құқылы.

Яғни, дұрыс толтырылмаған жағдайда, жеке тұлға қосымша декларацияны тапсыру жолымен бұрын ұсынылған декларацияны дербес түзетуге құқылы.

       2.Қазіргі уақытта жеке тұлғаларға арналған жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияның екі нысаны бар. Олардың айырмашылығы қандай?

        Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі декларацияның екі нысанын ұсынуды білдіреді:

        Біріншісі - активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясы (250.00-нысан), жинақтарды тіркеу мақсатында жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет ұсынылады (ҚР СК 630-бабының 7-т.).

       Екіншісі - кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларация (270.00-нысан), ол активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылғаннан кейін жыл сайын ұсынылады, онда күнтізбелік жыл ішінде алынған барлық кірістер және мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетіледі (ҚР СК 633-бабының 4-т.).

        3. Декларациялау кезінде бағалы қағаздарға нені жатқызуға болады?

Бағалы қағаздар - бұл акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар (ҚР СК 1-бабы 1-т 4) т.).

Декларациялау кезінде бағала қағаздарға мыналар жатады:

- Акциялар (меншіктегі қарапайым және артықшылықты акциялар), ресейлік және шетелдік компаниялардың акциялары;

- мемлекеттік, муниципалдық, корпоративтік облигациялар;

- Ашық, жабық және аралық инвестициялық қорлардың инвестициялық қорларының пайлары (ИҚП);

- туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, варранттар (егер олар иелік етсе немесе олар бойынша кіріс алса);

- Депозитарлық қолхаттар;

Вексельдер мен ипотека

       4. «Басқа» мүліктің бағалау құны 31.12.2024 жылы жасалуы керек, бұл бағалау жаңа жылға дейін болуы керек дегенді білдіре ме?

       Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін.      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды. (ҚР СК 311-бабы 4-т.)

       5. Декларациялайтын ештеңесі жоқ адамдар не істеуі керек? Бос декларацияларды тапсырады ма? Мұндай адамдарға салық органдарынан сұрақтар туындай ма?

       2025 жылдан бастап 250.00 нысаны бойынша декларацияны:

  1. шетелде активтері, оның ішінде:
  • жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
  • 1000 АЕК астам қалдығы бар банктік шоттар;
  • шетелдік компанияларда үлестері, бағалы қағаздары, цифрлық активтері, бағалы металдарға инвестициялары бар ҚР азаматтары мен резиденттері;
  1. сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ банктердің, сақтандыру ұйымдарының немесе бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар.
  2. адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және медиаторлар сияқты жеке практикамен айналасатын адамдар тапсыруы тиіс.

Егер Сіз аталған санаттарға жатпайтын болсаңыз және көрсетілген актиртер мен кірістер болмаса, 2025 жылы 250.00 насанын тапсыру талап етілмейді (ҚР СК 631-бабының 1 т.)

Салық органдарынан 250.00 нысанын ұсынуға міндетті, бірақ тапсырмаған адамдар бойынша сұрақтар туындауы мүмкін.

Егер сіз 250.00 нысанын тапсыруға міндетті болмасаңыз (мысалы, шетелдік активтері жоқ, мемлекеттік қызметші емес және жеке практикамен айналыспайтын қарапайым азамат) және наразылық болмауы тиіс.  

       6. 2025 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

2025 жылы 270.00 нысаны бойынша кірістер және мүлік туралы декларацияны:

  1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен құрылтайшылары сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар);
  2. Коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының 10%-дан астамын иеленетін тұлғалар, ЖШС басшылары мен құрылтайшылары);
  3. Қаржы секторының ірі қатысушылары (10% және одан жоғары үлесі бар банктердің, сақтандыру компаниялары мен бағалы қағаздар нарығы ұйымдарының акционерлері);
  4. Жеке практикамен айналысатын адамдар (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және медиаторлар);
  5. Шетелде активтері бар адамдар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, шетелдік компаниялардағы үлестер, 1000 АЕК астам қалдығы бар шетелдік банктер банктік шоттар);

Дербес салық салуға жататын кірістер алған тұлғалар) мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттарына сыйақылар; цифрлық активтер мен операциялардан түскен кірістер;

салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де кірістер) (ҚР СК 633-б. 4 т.) ұсынуға міндетті.

       7. Көлік салығы бойынша берешекті қайдан білуге болады?

       2024 жылға көлік құралдары салығын төлеудің соңғы мерзімі 2025 жылғы 1 сәуір.

Салық кодексінің 128-бабының 1-тармағына сәйкес салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін 1 еселенген АЕК (3 692) сомасынан жоғары салық берешегі төленбеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары салық бұйрығын шығарады.

Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешекті өтемеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданады.

Берешек сомалары туралы ақпаратты kgd.gov.kz web-порталынының «Салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы ақпарат» сервисінде, сонымен қатар, «e-Salyq Azamat» мобильды қосымшасында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларынан көруге болады.

       8. Егер көлік салығы бойынша банктік шоттарды бұғаттаса не істеу керек?

       Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті, оған салық бұйрығы да жатады.

Бұл ретте, қамтамасыз ету шараларына шоттар мен мүлікке тыйым салу, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеу кіреді.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылар берешек сомасына қосымша салық берешегі сомасының

25% - на дейінгі мөлшерде көрсетілген қызметі үшін ақыны өндіріп алады.

Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізуді aisoip.adilet.gov.kz электронды мекенжай бойынша   интернет-ресурста, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан өз бетінше тексеруге болады.

Бұл ретте, 2024 жылдың 19 тамыздан бастап мәжбүрлеп орындау шараларын оңайлатылған тәртіппен қолдану рәсімі енгізілді. Бұл рәсім 20 айлық есептік көсеткіштен кем берешекті өндіріп алуға берген жағдайда қолданылады. Өндіріп алу жеке сот орындаушысына берілмейді, банкте ақша қаражатына тыйым салу және мүлікпен белгілі бір операцияларды жүзеге асыруға шектеу және т. б. автоматты түрде енгізіледі.

Осыған байланысты, берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды болдырмау үшін қолда бар салық берешегін өтеу және болашақта мемлекет алдындағы өзінің салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажет.

Салықты екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, аптаның кез келген ыңғайлы күні және тәулік уақытында банкоматтардағы және төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен төлеуге болады.

      9.Мен интернет-платформа арқылы такси қызметін көрсеткім келеді. Маған  қандай арнаулы салық режимін таңдауға ыңғайлы? 

       Интернет-платформа арқылы такси қызметін көрсетудің ең қолайлы арнаулы салық режимі арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі болып табылады. Сондай-ақ режимді арнайы «E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-3-бабы 1-тармағын сәйкес жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен арнаулы мобильдік қосымша арқылы жүргізіледі.

Салық кодексінің 686-3-бабы 2-тармағын сәйкес арнаулы мобильдік қосымша әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.

Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 20- бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін Салық кодекстің 79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада жүзеге асырады.

Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес салық кодексінің 20 бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды мыналарға:

салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;

басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады.

       10.Мен такси жүргізушісімін,  арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданамын, интернет-платформа арқылы жұмыс істеймін. Салықты қалай төлеуім керек?

       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабына сәйкес салық агенті интернет-платформа операторы атынан Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығын және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.

Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес салық агенті – Салық кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды және (немесе) бірыңғай төлемді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде

айқындалған интернет-платформа операторы. Интернет-платформада қызметтерді көрсету кезінде салықтарды және әлеуметтік төлемдерді ұстау және аудару жөніндегі міндеттер интернет-платформаның операторына жеке кәсіпкердің оператордың интернет-платформасында алған кірісі негізінде жүктеледі. 

       11.Мен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданамын, жұмыскерлерім жоқ. Салықтан басқа не төлеуім керек?

     Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 243, 244, 248, 249, 251-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлейді.

       12.Егер маған дүкеннен сатып алу кезінде чек берілмесе ?

       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабына сәйкес бақылау-касса машиналарды қолдану тәртiбiн бұзу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

       13.Мен студентпін және интернет-платформа арқылы такси жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Мен студент ретінде төлеуге тиісті болмасам да, маған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасының сомасы есептеледі. Не істеуім керек?

       «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 7-тармағына және 26-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар қорға жарна төлеуден босатылады.

Интернет-платформа арқылы такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерде «Студент» жеңілдетілген санаты болған жағдайда, «Санат» кіші бөліміндегі «Салықтарды және әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ақпарат» бөліміндегі бейіндегі тиісті санатты және жәрдемақыны қолданудың басталу және аяқталу күнін көрсетуге міндетті.

Одан кейін 904101 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналардың түсуі» бюджеттік сыныптама коды бойынша жеңілдікті санатты ескере отырып, қайта есептеу туралы салық органына хабарлау (растайтын құжатты қоса беру) қажет.

       14. Ұйым лицензияға сәйкес медициналық қызметтерді көрсетуден кіріс алады және алынған кірістерді қатысушыларға дивиденд төлеуге бағыттау туралы шешім қабылдайды, мұндай ұйым үшін корпоративтік табыс салығын есептелген сомадан 100% азайту қолданыла ма?

        Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 290-бабының 1-тармағына сәйкес, осы бапқа сәйкес әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасынан 100 пайызға азайтады.

Салық кодексінің 290-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Салық кодексі мақсатында әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жатады. Мұндай ұйымдардың аталған қызмет түрлерінен, сондай-ақ өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістерден, депозиттер бойынша сыйақыдан, сондай-ақ оң бағамдық айырманың теріс бағамдық айырмадан асып түскен сомасынан алынған кірістерді ескере отырып, кірістері осындай ұйымдардың жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 пайызын құрауы тиіс.

Әлеуметтік саладағы қызметке, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (соның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асырған кезде де) медициналық қызмет көрсету нысанындағы қызметтерді жүзеге асыратын және медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісімен көрсетілетін қызметтер жатады.

Аталған тармаққа сәйкес көзделген ұйымдардың

кірістері осындай қызмет түрлерін жүзеге асыруға бағытталған жағдайда салық салуға жатпайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Салық кодексінің 290-бабында көзделген 100 пайыздық корпоративтік табыс салығын азайту шарасын қолданудың міндетті шарттарының бірі – алынған кірістерді, соның ішінде медициналық көмек көрсету қызметтеріне бағыттау болып табылады. Сондықтан, егер ұйым кірістерді қатысушыларға дивидендтер төлеуге бағыттайтын болса, онда Салық кодексінің 290-бабында көзделген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту қолданылмайды.

       15. Мүлікті өтеусіз беру кіріс ретінде осындай мүлікті берушіге немесе алушыға қаралады ма және мұндай кіріс қай кезеңде танылады?

        Салық кодексінің 238-бабының 1-тармағына сәйкес, егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің өтеусіз негізде алған кез келген мүлкінің, соның ішінде жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны оның табысы болып табылады.
238-баптың 2-тармағына сәйкес, өтеусіз алынған мүлік, соның ішінде жұмыстар мен қызметтер түріндегі табыс, осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған немесе қызметтер көрсетілген салықтық кезеңде танылады.
Осылайша, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс мүлікті алушы тарапта туындайды және ол аталған мүлік алынған, жұмыстар орындалған немесе қызметтер көрсетілген салықтық кезеңде танылады.

       16. Егер орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде мәміле тараптарының бірнеше қол қою күні көрсетілген болса, ҚҚС мақсатында өткізу бойынша айналым жасалған күн қандай күн болып есептеледі?

       Егер орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде мәміле тараптарының бірнеше қол қою күні көрсетілсе, онда өткізу бойынша айналым жасалған күн актіге қол қойылған ең соңғы күн болып есептеледі (Салық кодексінің 379-бабы, 15-тармағы).

       17. Егер тауарды комиссионер комиссия шарты бойынша сатып алушыға өткізсе, комитент комиссионерге жазып берген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға кім құқылы — комиссионер ме, әлде тауарды сатып алушы ма?

       Егер тауарды өткізу комиссионер арқылы сатып алушыға комиссия шарты бойынша жүзеге асырылса, Салық кодексінің 416 және 400-баптарының талаптарына сәйкес жазылған шот-фактура бойынша ҚҚС-ты есепке сатып алушы жатқызуға құқылы (Салық кодексінің 416-бабы 5-тармағы).

      18.Егер тауарға ілеспе құжаттарда паллеттердің (поддондардың) салмағы бөлек көрсетілсе, оны негізгі тауардың брутто салмағына қосу қажет пе?

       Транзиттік декларацияны толтырудың нысаны мен тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімімен бекітілген. Нұсқаулыққа сәйкес, 35-графада «Брутто массасы (кг)» ретінде көрсетілетін, 31-графада мәліметтері келтірілген тауардың массасы килограмммен жазылады. «Брутто массасы» деп тауардың айналымға енгізілгенге дейінгі қалпын сақтауға қажетті барлық орау түрлерін қоса алғанда, жалпы массасы (контейнерлерді және (немесе) цистерналарды, көп рет қолданылатын тара ретінде және (немесе) көлік құралы ретінде пайдаланылатын торлар мен паллеттерді (поддондарды) қоспағанда) түсініледі. Бұл ретте орау деп тауарларды орау, қорғау, орналастыру, бекіту немесе бөлу үшін қолданылатын немесе арналған кез келген бұйымдар мен материалдар түсініледі (жаппай тасымалданатын орама материалдарын — сабан, қағаз, шыны талшық, жаңқа және т. б. қоспағанда). Осыған байланысты, транзиттік декларацияны толтыру кезінде тауар орналастырылған паллеттердің (поддондардың) салмағы 35-бағанда көрсетіледі.

       19.Жеке тұлға төлем жасамай қанша сомада жөнелтілім ала алады.

       «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне 1-қосымшаға сәйкес халықаралық пошталық жөнелтілімдер арқылы немесе тасымалдаушы арқылы жеке тұлға атына жіберілетін жеке пайдалану үшін арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуроға баламалы сомадан және (немесе) 31 кг-нан аспауы тиіс. Бұл нормалар бір жеке тұлғаға арналған.
Егер белгіленген нормалар асқан жағдайда, артық сома мен (немесе) салмаққа қатысты кедендік төлемдер төленуі тиіс. Мұндай жағдайда төлем мөлшері – тауар құнының 15%-ы, бірақ әрбір артық килограмм үшін кемінде 2 еуро мөлшерінде есептеледі (брутто салмақ бойынша).

       Мысалы, жөнелтілімнің құны 300 еуро, салмағы 5 кг. Бұл жағдайда құн бойынша бажсыз лимит асып отыр. Себебі кедендік төлем тек артық сомаға ғана есептеледі (300 еуро – 200 еуро = 100 еуро), сондықтан төленетін кедендік алым мөлшері 15 еуро болады (100 еуроның 15%-ы). Тауарды пошта операторының немесе тасымалдаушы компанияның қызметі арқылы алуға болады.

       20.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетінің резиденті немесе шетелдік тұлға Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдерме орналастырылатын тауарлардың декларанты бола ала ма?

       «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауды декларант  не кеден өкілі электрондық түрде жүзеге асырылады.

Кодекстің 149-бабында кедендік рәсімдерге орналастырылатын тауарлардың декларанттары бола алатын тұлғалар айқындалған.

Сонымен қатар, Кодекстің 553-бабының 1-тармағына сәйкес, ЕАЭО шеңберінде тауарларға арналған декларацияны ЕАЭО-ның кедендік аумағындағы кез келген кеден органына беруге мүмкіндік беретін халықаралық шарт күшіне енгенге дейін, тауарларға арналған декларация

мынадай тәртіппен беріледі:

1) егер декларант Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тұлғасы немесе Кодекстің 149-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген шетелдік тұлға болып табылатын болса – тауарларға арналған декларация ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органына, яғни декларант құрылған, тіркелген немесе тұрақты тұратын мемлекеттің кеден органына беріледі;

2) егер декларант Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацында немесе Кодекстің 149-бабының 5) тармақшасында көрсетілген шетелдік тұлға болып табылатын болса – декларация тауарлар орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органына беріледі;

3) егер декларант Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса – декларация тауарлар мен мұндай тұлға орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.

Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып және қазіргі уақытта қолданылып жүрген «резиденттік қағидатын» назарға ала отырып, Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдерге орналастырылатын тауарлардың декларанттары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғалар немесе шетелдік тұлғалар тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу есебіне қойылғаннан кейін ғана бола алады.

 

 

 

Дата публикации
15 сентября 2025
Дата обновления
16 сентября 2025
Тип
Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштер

Сейчас читают

Медицина саласындағы ТОП 7 сұрақ-жауап
19 февраля 2026
Медицина саласындағы ТОП 7 сұрақ-жауап
Пайдалы ақпарат
04 февраля 2026
Контрагенттер туралы мәліметтер
Пайдалы ақпарат
30 января 2026
Жылдық статистика

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты