«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес, өтініш берушінің уәкілетті органға қызметтің басталғаны туралы хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы (www.elicense.kz) беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
Хабарламаға:
1) мемлекеттік кіріс органдарынан жұмыстан шығарылған, кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарды қоспағанда, егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссияның шешімі қоса беріледі.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі мұндай адамда мемлекеттік кіріс органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда қоса берілмейді.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі осындай емтиханды тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады;
2) егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – кәсіби бухгалтердің сертификаты;
3) егер осы тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде аталған адам өтініш беруші болып табылса – мемлекеттік кіріс органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын құжат қоса беріледі.