
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің негізгі бағыттарының бірі кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру болып табылады.
Кедендік әкімшілендіру — мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын, мынаған бағытталған шаралар мен іс-қимылдардың жиынтығы:
- Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- кедендік төлемдердің, салықтардың, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының дұрыс есептелуін, толықтығын және уақтылы төленуін бақылау;
- мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- заманауи цифрлық технологияларды және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуін жеделдету және оңайлату үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру және процестерді жетілдіру;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылдың сервистік моделін дамыту және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.