ҚР ҚМ 31.07.2024ж. № 500 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) «ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа сілтемелер http://zan.gov.kz/client/#!/doc/199620/rus, http://zan.gov.kz/client/#!/doc/199620/kaz.
Енгізілген өзгерістер сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағаз нысаны жойылды:
«Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»;
«Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу»;
«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерiн, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу»;
«Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу».
Осыған байланысты тізілімдерге енгізуге, тізілімдерден шығаруға, қызметті тоқтата тұруға/қайта бастауға, сондай-ақ бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуге өтініштерді қабылдау және өңдеу «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде www.eokno.gov.kz (бұдан әрі-Жүйе) жүзеге асырылады.
Жүйеде техникалық қателер туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне (телеграмм чат, сондай-ақ eoknosd@ecc.kz электрондық пошта мекенжайына) хабарласу қажет.
Бұйрық 2024 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.