Бақылау касса машиналарының мемлекеттік тілде чек беру тәртібі туралы

Бақылау касса машиналарының мемлекеттік тілде чек беру тәртібі туралы

        Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) тіл саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті орган ретінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қоғамдық орындарда және тағы басқа тіл заңнамасының сақталуын бақылауға қатысты жүйелі жұмыс жүргізуде.

         «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының (бұдан-Заң) 4-бабына мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

       Заңның 10-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.

      ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 қаулысына сәйкес мемлекеттік тіл мәртебесінің үстемдігі негізінде оның жария - құқық саласында қолданылуына айрықшалық пен басымдық берілген.

       Министрлікке азаматтардан бақылау – касса машиналары (бұдан әрі -БКМ) арқылы жасалатын операциялардың тіліне қатысты ауызша арыз-шағымдар түсуде. Себебі барлық сауда нүктелері, банктер, әуежайлар мен қоғамдық орындардағы  БКМ арқылы берілетін түбіртек тек орыс тілінде басып шығарылады.

     Мемлекеттік тізілімге енгзілген бақылау-касса машиналары Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен анықталған техникалық талаптарға сәйкес тестілеу жүргізіледі.

    БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс. Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.

     Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер арасында бақылау – касса машиналарының мемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырады.