26.03.2024 жылы ҚР Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржанов БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді.

26.03.2024 жылы ҚР Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржанов БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы вице- министрі Ержан Ерікұлы Біржанов Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, салық және кеден саласындағы мәселелерді талқылап, тұрғындармен ашық диалог құрды.
Кездесу барысында Қаржы вице- министрі Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР Бюджет Кодексі мен "Мемлекеттік сатып алу туралы"ҚР Заңына күтілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеудегі негізгі бағыттар туралы баяндама жасады.
Бұдан басқа, 2024 жылы республикалық бюджеттен Батыс Қазақстан облысын дамытуға бөлінген қаражат туралы айтылды.

Жергілікті халық өздерінің толғандырып жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, вице – министрге өз ұсыныстарын жеткізді.
Соңында тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берілді.

Сонымен қатар, сапар барысында вице - министр Батыс Қазақстан облысындағы "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ ірі кәсіпорындарының біріне барып, өндірістік процестермен танысып, комбинат ұжымымен әңгімелесті.