Салық заңнамасы аясында ҚҚС-н әкімшілендіру бойынша негізгі өзгеріс

Салық заңнамасы аясында ҚҚС-н әкімшілендіру бойынша негізгі өзгеріс

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (жоспарлы Заң) 2022 жылғы 21 желтоқсанындағы Мемлекет басшысының жарлығына байланысты салық заңнамасы аясында ҚҚС-н әкімшілендіру бойынша негізгі өзгеріс:
халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын сататын бизнес субъектілеріне тең жағдай жасау мақсатында «жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілермен» бизнес субъектілерін кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 388-бабына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Салық кодексінің 429-бабының 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін экспорттаушыларға ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерін күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін қысқартуды көздейтін Салық кодексінің 431-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кетуін қайтару және тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын нақтылау бөлігінде Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына нақтылаушы түзетулер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).