БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековтың қатысуымен брифинг өтті.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековтың қатысуымен брифинг өтті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков баяндады. Баяндауынша, экспорттық бақылау шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуіне бақылау 6 автомобиль өткізу пунктінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы облыс аумағына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 181 млрд.теңгеге тауарлар импортталды. Импорт бойынша түсімдер 21,6 млрд.теңгені құраған болса, 662,5 млн.теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 8 айында мемлекеттік шекара арқылы тауарларды өткізу процесінің мониторингі нәтижелері бойынша «Экспорт» бағытында - 67 173, «Импорт» бағытында - 86 684, «Транзит» бағытында - 13 491 автокөлік құралдары жіберілді.
«Жыл басынан бері өткізу пункттерінде мониторинг жүргізу жұмыстары атқарылуда. Нәтижесінде департамент тыйым салынған тауарларды әкету әрекеттерінің 82 фактісінің жолын кесті, оларға экспорт бойынша шектеулер енгізілді», - деді Бауыржан Айнабеков.
Сондай-ақ, департамент басшысы республика аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін,
ақ қант пен қамыс шикі қантын, автомобиль көлігімен бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынғандығын атап өтті.