Тасқын Ақбаев Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Тасқын Ақбаев Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 27.09.2022 жылғы №666-Ж бұйрығымен Тасқын Ақбаев Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.
▫️Тасқын Ақбаев 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
▫️Білімі бойынша-экономист, қаржыгер. Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжін және "Жетісу" институтын аяқтаған.
▫️Еңбек жолын 2003 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2018 жылға дейін Алматы облысы мен Алматы қаласының салық органдарында түрлі қызметтерді атқарған. 2018 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін – Алматы облысының Сарқан, Кербұлақ аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшысы болды.
▫️2022 жылғы 29 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.