
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 «Мемлекеттік кірістер органдарына есеп жүргізу және есептілік ұсыну мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 306 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 38744 болып тіркеліп, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізгі өзгерістер:
▪ Бұйрықтағы терминология Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтірілді. «Ақпараттық жүйе» ұғымы «цифрлық жүйе» ұғымымен ауыстырылды.
▪ Статистикалық есептілік нысандарының титулдық парақтарына және оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелерге өзгерістер енгізілді.
▪ Есепке алу кітаптарын (журналдарын) және есептілікті сақтау мерзімдері айқындалды.
▪ Заң техникасының талаптарына сәйкес редакциялық және техникалық түзетулер енгізілді.
Ерекше назар аударыңыз!
2026 жылдың II тоқсаны бойынша тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу, сондай-ақ 2026 жылдың II тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы үшін есептілікті қалыптастыру және ұсыну 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болған нысандар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
«Keden» цифрлық жүйесінде процестерді автоматтандыру жұмыстары аяқталғанға дейін есептілік Мемлекеттік кірістер департаменттерінде құрылған арнайы электрондық пошта жәшіктері арқылы қабылданатын болады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан есеп жүргізу және есептілік дайындау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
🔗 Нормативтік құқықтық акт:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600038744
🔗 ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталы:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1022752
🔗 ҚР Қаржы министрлігінің интернет-порталы:
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1022689