
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде (АСР) салық салу объектісі АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты алынған табыс болып табылады.
Бұл ретте сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні табысты тану күні болып табылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың (жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) табыстарын есепке алу ЖМК чектері және өзге де көздерден алынған табыстар туралы басқа да мәліметтер негізінде арнайы мобильдік қосымшада (ЖМК) қалыптастырылатын кірістер тізілімінде жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табыстарын есепке алу олар өздері әзірлеген қарапайым нысанда: операциялардың күнін, атауын, әрбір операциядан алынған соманы, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі.