
📢 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: 30 МАМЫРДАН БАСТАП ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ!
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 50 Шешімді қабылдады. Бұл құжат тауарларға арналған декларацияны (ТД) толтыру тәртібіне маңызды өзгерістер енгізеді.
🗓 НЕГІЗГІ КҮН: Шешім 2026 жылғы 30 сәуірде ресми түрде жарияланды және 30 күнтізбелік күн өткен соң — 2026 жылғы 30 мамырда өз күшіне енеді. Осы күннен бастап сәйкестендіру нөмірлерін көрсету міндетті болады!
НЕ ӨЗГЕРДІ? Енді тауарлардың кең тізбесі бойынша декларацияда сәйкестендіру нөмірін (өндірушінің сериялық нөмірін) көрсету қажет. Егер мұндай нөмір болмаса, бұл туралы ақпарат та құжатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
ЖАҢА ТАЛАПТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАР ТІЗІМІ:
🔹 Электроника мен гаджеттер:
🔹 Тұрмыстық техника:
🔹 Көлік және арнайы техника:
🔹 Басқалар:
⚠️ Маңызды: Қазақстан Республикасы үшін бұл талаптар есептеуіш машиналар мен VR-құрылғыларға да қолданылады.
Не істеу керек? Тауарға ілеспе құжаттарыңызды қазірден бастап тексеріңіз. 30 мамырдан бастап декларацияда сериялық нөмірлердің немесе IMEI-дің болмауы кедендік ресімдеу кезінде кідірістерге әкелуі мүмкін.
🚛 Өзгерістерге дайын болыңыз! Күнді ұмытып қалмас үшін жазбаны сақтап қойыңыз.