2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдаулар үшін навигациялық пломбалар

2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдаулар үшін навигациялық пломбалар

2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдаулар үшін навигациялық пломбалар
БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО аясында навигациялық пломбалар арқылы тауарларды бақылау жүйесін енгізіп жатқанын хабарлайды.
🔹 Бизнеске не береді:
• Қосымша тексерістер мен бақылауды азайту 🚦
• Жүктің рұқсатсыз ашылуынан қорғау 🔒
• «Жеке кабинет» арқылы тасымалдарды ыңғайлы басқару 💻
🔹 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап бақылауға алынатындар:
• Транзиттік, экспорттық және өзара сауда тауарлары
• Автокөлік және теміржол көлігі
• «Санкциялық» тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника
🔹 Енгізу кезеңдері:
1️⃣ 11 ақпан — алғашқы тауар топтары
2️⃣ 180 күннен кейін — тауарлар тізімін кеңейту
3️⃣ 480 күннен кейін — барлық тасымалдаулардың толық тізімі
🔹 Ұлттық оператор:
"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС «Транзит» автоматтандырылған жүйесін жасап шықты, ол тасымалдауды басқаруға және ЕАЭО операторларының қызметін төлеуге арналған «жеке кабинет» ұсынады.
⚠️ Маңызды: тасымалдаушылар, экспедиторлар және логистика қатысушылары жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО және Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау міндетті.