
Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысы аумақтық бөлімшелерге жұмыс сапарымен барды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Балтабеков Канат Жолтаевич Ақжайық, Жаңақала, Казталов және Бөкейордасы аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Канат Жолтаевич аумақтық бөлімшелердің ұжымдарымен кездесіп, жұмыс кеңестерін өткізді. Кеңестерде негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуы, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету, болжамды көрсеткіштерді орындау, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, атқарушылық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар барысында Департамент басшысы әрбір аумақтық бөлімшенің негізгі қызмет көрсеткіштерімен танысып, басқарма басшыларының атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдап, өзекті мәселелерді талқылады.
Жұмыс кеңестерінің қорытындысы бойынша болжамды көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге, жұмыстың тиімділігін арттыруға, атқарушылық тәртіпті күшейтуге және алға қойылған міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.