Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар тәртіптік комиссияның немесе өзге де алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды, қызметінен босатылмайды немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды.
Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым алқалы органның отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін қатысуға шақыруға міндетті болады.
Мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтілді.