2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін салық шегерімі күшіне енді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін салық шегерімі күшіне енді

Салық кодексінің 347-бабының нормасы көп балалы отбасы үшін салық шегерімін көздейді.  Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі жиынтығында екі ата-анада да күнтізбелік жылда айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде мынадай тәртіппен қолданылады:

1) көп балалы отбасының ата-аналарының бірі үшін әр ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде;

2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасы үшін әр ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде.

Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі жеке тұлғада осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталатын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың шегерімі қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына арналған жағдайда қолданылады.