"Қорғас ХШЫО" ашылуының бірінші күнінде осы кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ және Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, автокөлік тексеру түрінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР азаматы М. басқарған автокөлік құралының багаж бөлімінен Қытай Республикасына ЕАЭО аумағынан жалпы салмағы 336 грамм болатын 9 дана болжам бойынша кәріптас тастарын әкету фактісінің заңсыз тасымалдау жолын кесті .
Қазіргі уақытта контрабандалық тауар асыл тастардың жіктеу және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау және кінәлі адамға қатысты түпкілікті шешім шығару үшін орталық кеден зертханасына сараптамаға жіберілді.
Орталық кеден зертханасы тәркіленген тастардың бағалы металдар санатына жататынын растаған жағдайда, кінәлі тұлға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 545-бабы (Өтініш беру тәртібін сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Егер расталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 551-бабымен (Тауарларды, қолма-қол ақшаны, ақша құралдарын декларацияламау немесе жалған кедендік декларациялау, кеден құжаттарындағы мәліметтерді жалған көрсету әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап үш жылдық қызметін тоқтатқаннан кейін "Қорғас ХШЫО" КБ өз жұмысын қайта бастады.
Осыған байланысты барлық азаматтар мен "Қорғас ХШЫО" келушілерінен ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауды сұраймыз.