МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

Егер сіз мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) үшін мемлекеттік бажды төлеп, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілмесе, төленген соманы қайтаруға құқығыңыз бар.

Қайтару үшін:
✔️ мемлекеттік қызметтің көрсетілмегені туралы растайтын құжат алыңыз;
✔️ салық органына қайтару туралы салықтық өтініш беріңіз;
✔️ растайтын құжатты қоса тіркеңіз;
✔️ банк деректемелерін көрсетіңіз;
✔️ өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, мемлекеттік баж төленген жердегі мемлекеттік кірістер органына жолдаңыз.

❗ Маңызды: мемлекеттік бажды қайтару салықтық өтініштің негізінде мемлекеттік кірістер органдары арқылы жүзеге асырылады.

⚠️ Назар аударыңыз: e-Otinish платформасы арқылы мемлекеттік бажды қайтару қызметі көрсетілмейді.