
Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаудың қажеттігін еске салады.
Мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және тасымалдау нақты уақыт режимінде деректерді бере отырып, бақылау-есепке алу аспаптарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Заң талаптарын сақтау – мұнай өнімдерінің ашық әрі заңды айналымын қамтамасыз етудің кепілі.
