Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынады: Жетісу МКД жауапкершілік туралы ескертеді

Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынады: Жетісу МКД жауапкершілік туралы ескертеді

📢 Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынатынын және мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

 

Тыйым салынады:

  • мұнай өнімдерін қажетті құжаттарсыз және рұқсатсыз әкетуге
  • белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерлер арқылы тасымалдауға
  • жалған құжаттарды пайдалануға және көрінеу жалған мәліметтер ұсынуға
  • мұнай өнімдерінің көлемі мен шығу тегін жасыруға.

 

Естеріңізге саламыз, мұнай өнімдерімен байланысты барлық операциялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес, бақылау-есепке алу аспаптарын қолдана отырып және қажетті құжаттар ресімделген жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Заң талаптарын сақтау – бизнесті ашық жүргізудің, адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алудың кепілі.