
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғауға және бірқатар салықтық жеңілдіктерге құқылы. Жұмыс берушілер жалақы мен салықтарды есептеу кезінде осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.
🔹 Қандай жеңілдіктер қарастырылған?
✅ ЖТС (жеке табыс салығы)
Мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша салықтық шегерімдер беріледі:
▪️ I және II топ – жылына 5 000 АЕК
▪️ III топ – жылына 882 АЕК
Сонымен қатар 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім қолданылады.
✅ МӘМС
Мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘА және МӘМС жарналары төленбейді. Оларды мемлекет төлейді.
✅ МЗЖ
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден тек мерзімсіз мүгедектігі бар I және II топтағы адамдар босатылады.
🔹 Жалпы тәртіппен төленетін төлемдер:
▪️ Әлеуметтік аударымдар
▪️ Әлеуметтік салық
▪️ МЗЖ — III топ және мерзімді мүгедектік кезінде
📄 Қандай құжаттар қажет?
Жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге:
✔️ өтініш
✔️ мүгедектікті растайтын анықтама ұсыну қажет
📌 Анықтаманы Egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады.
Маңызды: егер қызметкер бірнеше жұмыс орнында еңбек етсе, салықтық шегерім тек бір жұмыс орнында ғана қолданылады.