
Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында кәсіпкерлік субъектілерінің бірі контрафактілік темекі өнімдерін өткізгені анықталды.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен (таңбалау кодтарымен) таңбаланбаған 1 135 қорап темекі өнімі анықталып, тәркіленді.
Осы факті бойынша материалдар сот органдарына қарау және тиісті процестік шешімді қабылдау үшін жіберілді.
Темекі өнімдеріне (сәйкестендіру құралдарына) салынған кодтардың түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильді қосымшасының көмегімен тексеруге болады.