Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің мереке күндері жұмысы туралы

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің мереке күндері жұмысы туралы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жеке тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.