Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі: Қарапайымдылық және бәріне 4%!

Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі: Қарапайымдылық және бәріне 4%!

Siz өзіңізге жұмыс істейсіз бе, қызмет көрсетесіз бе немесе өз өніміңізді сатасыз ба? Күрделі есеп жүргізуден және ЖК (жеке кәсіпкер) мәртебесінен жалықтыңыз ба? 2026 жылы сіз үшін барынша жеңілдетілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі (АСР) қолданылады.

Міне, заңды жұмыс істеу үшін білуіңіз керек негізгі мәліметтер:

🔹 "Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар" деген кімдер? Бұл жалдамалы жұмысшылары жоқ жеке тұлғалар (ҚР азаматтары мен қандастар). Маңызды шарт: сіздің табысыңыз айына 300 АЕК-тен аспауы тиіс.

🔹 Қанша төлеу керек? Бар болғаны 4%! Бұл режимнің басты артықшылығы — табысыңыздың тек 4%-ын ғана төлейсіз, бұл сома әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінеді:

  • Жеке табыс салығы (ЖТС) — 0%.
  • Әлеуметтік төлемдер — 4%. Бұған зейнетақы жарналары (МЗЖ және ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру (МӘМС) кіреді.

Бұл тек салық төлеу емес, бұл сіздің зейнетақыңыз бен медициналық сақтандыруыңыз.

🔹 Бұл қалай жұмыс істейді? Бәрі смартфонда! 📱

 Ешқандай декларация тапсырудың немесе салық органына барудың қажеті жоқ.

  1. « E-Salyq Business Арнайы мобильді қосымшаны» жүктейсіз.
  2. Сол қосымша арқылы сатып алушыларға чек бересіз.
  3. Қосымша төлемдер сомасын өзі есептейді.
  4. Төлемді жұмыс істеген айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жасау қажет.

🔹 Интернет-платформалар (такси, жеткізу) арқылы жұмыс істейсіз бе?

🚗 Егер сіз Яндекс, Glovo немесе басқа платформалармен серіктес болсаңыз, бәрі тіпті оңай. Интернет-платформа операторы сіздің салық агентіңіз болады. Ол қажетті 4%-ды өзі ұстап, аударады, ал деректер қосымшада автоматты түрде көрінеді.

🔹 Неге бұл тиімді?

  • Есептілік жоқ: Бұл режимдегі жеке тұлғаларға салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ.
  • Легальды мәртебе: Сіз өз табысыңызды ресми түрде растай аласыз.
  • Әлеуметтік кепілдіктер: Сіз МӘМС жүйесінде сақтандырыласыз және зейнетақы жинайсыз.

Қалай өтуге болады? Бұл режимді мобильді қосымшада немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген кезде таңдауға болады.