Салық төлеушінің жаңа кабинетіндегі дербес шот

Салық төлеушінің жаңа кабинетіндегі дербес шот

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге қолайлы болуы үшін «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘІЖ/ISNA) жаңа Салық төлеуші кабинетінде «Дербес шот» бөлімі арқылы Дербес шоттар бойынша сальдоны, Дербес шотты және Дербес шоттан үзінді көшірмені қарауға болатынын хабарлайды. «Сервистер» бөлімінде берешек туралы мәліметтерді алуға болады.

Аталған сервистердегі мәліметтер СӘІЖ-нің эталонды дербес шоттарынан автоматты түрде алынатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.

СӘІЖ жаңа Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz  сілтемесі бойынша өту қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда СӘІЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz  электрондық поштасына, сондай-ақ FinQoldau_bot  Telegram-ботына хабарласуға болады.