Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы қызмет қорытындылары шығарылды

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы қызмет қорытындылары шығарылды

2026 жылғы 10 ақпанда Талдықорған қаласында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Е. Умирзаковтың төрағалығымен 2025 жылғы қызмет қорытындылары мен 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған міндеттер бойынша Алқа отырысы өтті. Іс-шараға Департамент басшысының орынбасарлары, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылу көрсеткіштері егжей-тегжейлі қаралды. Салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ жанама салықтарды әкімшілендіру мәселелері баяндалды. Тарифтік реттеу мәселелеріне, 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер бойынша бересі мен берешектердің жай-күйіне ерекше назар аударылды.

Күн тәртібі аясында сонымен қатар аумақтық МКБ және КБ басшыларының атқарылған жұмыстар мен жергілікті жерлердегі ағымдағы жағдай туралы есептері тыңдалды. Алқа мүшелері өзекті мәселелерді талқылап, ағымдағы жылы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін оларды шешу тетіктерін әзірледі.

Кеңесті қорытындылай келе, Департамент басшысы У.Е. Умирзаков 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған негізгі басымдықтарды айқындады. Жеке құрамға бюджетке түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету, салықтық берешекті азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша міндеттер жүктелді.

Алқа қорытындысы бойынша өңірде мемлекеттік салық және кеден саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.