Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалауды бастау туралы

Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалауды бастау туралы

«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасында сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар талаптар күшіне енгенге дейін таңбалау жүйесінде тіркеуден өтуі қажет.

Цифрлық таңбалау сыра өнімінің айналымын айқын көрсетуді қамтамасыз етеді, өндіріс пен импортқа бақылауды күшейтеді, заңсыз өнім таралуын азайтады және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырады.

Міндетті таңбалау мерзімдері:

- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтегі сыра және сыра сусындары;

- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – бөтелкедегі сыра және сыра сусындары;

- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкадағы сыра және сыра сусындары.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сәйкестендіру құралдарынсыз сыра мен сыра сусындарын өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтарын тауарлар айналымына қатысушылар күнтізбелік бір жыл ішінде өткізе алады.

Сыра мен сыра сусындарын таңбалауды енгізу кезеңдеріне арналған бейнероликтер «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» YouTube-арнасында орналастырылған.

https://www.youtube.com/@tanbakz

https://markirovka.ismet.kz/ru/business/product/pivovarennaya-produkciya

- Сыра және сыра өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар үшін ТТҚ АЖ-ға тіркелу

- ТТҚ АЖ жүйесінде жұмысты бастау (профильді баптау және рөлді қосу)

- ТТҚ АЖ жүйесінде тауар карточкаларын тіркеу

- ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарына тапсырыс беру

- ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарын жағу туралы есепті жіберу

Таңбалау жүйесінде тіркелу, таңбалау кодтарын алу немесе техникалық қолдау қажет болса, тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторға хабарласыңыз: 8 800 080 65 65 (қоңырау тегін).