«Халық бухгалтері» акциясы

«Халық бухгалтері» акциясы

Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік әрі салықтық есеп жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізеді.

Акция 2026 жылдың 5 қаңтарында басталды және 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

«Халық бухгалтері» — бұл жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.

Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады.

Акция Жетісу облысының қалалары мен аудандарындағы Мемлекеттік кірістер басқармалары базасында өткізіледі.

Жұмыс кестесі: алғашқы айларда (2026 жылғы қаңтар–ақпан) кеңес беру аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. 2026 жылғы наурыздан бастап кеңес беру аптасына 2 рет болады.

Қабылдау орындары жұмыс кестесі мен мекенжайы көрсетілген «Халық есепшісі» арнайы маңдайшаларымен белгіленген.

Акция аясында кеңесті кәсіби есепшілер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді.