МОБИЛЬДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТОПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

МОБИЛЬДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТОПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық қолдау көрсету үшін құрылған мобильді қызмет көрсету топтарының жұмысы туралы хабарлайды.

Мемлекеттік қызметтер салық төлеушілердің келесі санаттарына мақсатты түрде көрсетіледі:

▪ I және II топтағы мүгедектер;

▪ Екі айдан астам уақытша мүгедектікті талап ететін аурулары бар адамдар;

▪ Күтім мен көмекке мұқтаж 80 жастан асқан адамдар;

▪ Жалпыға ортақ телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары.

Сервистік топтың шығу кестесі апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін белгіленген.

Сервистік топтың шығуына өтінім беру МКК Байланыс орталығы арқылы көрсетілген телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады: 1414, +7-(7172)-73-55-15, 8-705-9565388