Көксу ауданы бойынша МКД-да Ашық есік күні: жаңа Салық кодексінің түсіндірмесі

Көксу ауданы бойынша МКД-да Ашық есік күні: жаңа Салық кодексінің түсіндірмесі

Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, басқарма мамандары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін түсіндірді.

Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша енгізілетін негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру мәселелері таныстырылды.