
Ескелді ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы халық пен бизнес өкілдерін салық заңнамасында көзделіп отырған өзгерістер туралы дер кезінде хабардар ету мақсатында «Ашық есік күні» форматында кездесу өткізді.
Шара аясында басқарма мамандары 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарына тоқталып, қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жаңартылған талаптарды қолдану тетіктерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесуге қатысушылар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салық салудың ерекшеліктері туралы кең көлемді мәлімет алып, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, цифрлық шешімдерді енгізу және артық бюрократиялық рәсімдерді азайтуға бағытталған бастамалармен танысты.