Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында ашық есік күні өтті

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында ашық есік күні өтті

17.12.2025 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге арналған «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің басты нормалары мен өзгерістерін жан-жақты түсіндіру болды.

Кездесу барысында басқарма мамандары салық заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат беріп, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша енгізілетін өзгерістерге ерекше тоқталды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету тетіктері және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық рәсімдерді қысқарту шаралары туралы толық мәлімет ұсынылды.