Қазақстанда ағаш материалдарын әкетуге 6 айға тыйым салынды

Қазақстанда ағаш материалдарын әкетуге 6 айға тыйым салынды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 527 бұйрығымен ҚР аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды.

ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым енгізілді.

Бұйрық 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.