Сарқан ауданында салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті

Сарқан ауданында салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті

Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғындар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы жоспарланған өзгерістер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін таныстырып, кәсіпкерлерге ҚҚС, КТС және ЖТС бойынша жаңартылған нормаларды қолдану тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Қатысушылар шағын және орта бизнестің салық салу ерекшеліктері жөнінде толық ақпарат алып, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, процестерді цифрландыру және бюрократиялық рәсімдерді қысқарту бойынша бастамалармен танысты.