Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа АРС

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа АРС

2026 жылдан бастап табысы жоғары емес, қызметін жалдамалы жұмыссыз өзі атқаратын адамдарға жаңа жеңілдетілген режим енгізіледі.

АРС — әсіресе онлайн платформа арқылы жұмыс істейтіндерге арналған қолдау. Ең негізгі шарттар:
• жеке кәсіпкер болып тіркелудің қажеті жоқ;
• жалдамалы жұмыс қолданбайды;
• рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысады;
• айлық табысы — 300 АЕК-тен аспайды (2026 ж. шамамен 1,3 млн тг).

АРС-тың басты жеңілдіктері:
• табыс салығы — 0%;
• төленетін бір ғана міндеттеме — табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлем;
• БКМ, чек, есептілік — бәрі арнайы мобильді қосымшада автоматты;
• платформалар арқылы табыс алатындар үшін төлемдерді оператор өзі ұстап аударады.

Бұл режим өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әлеуметтік қорғанысқа, зейнетақы, медсақтандыру жүйесіне еркін қосылуға мүмкіндік береді.