
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара аясында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары салық заңнамасындағы алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Ерекше назар қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі жаңашылдықтарға аударылды.
Кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді оңайлату шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған қадамдар түсіндірілді.