Кербұлақ ауданында жаңа Салық кодексі бойынша кең көлемді «Ашық есік күні» өтті

Кербұлақ ауданында жаңа Салық кодексі бойынша кең көлемді «Ашық есік күні» өтті

Кербұлақ ауданы бойынша УГД-де азаматтар мен кәсіпкерлер арасында салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы ақпаратты кеңінен тарату мақсатында кең ауқымды «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізу.

Кездесуге қатысқан шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті қауымдастық мүшелері жаңа кодексте қарастырылған жаңашылдықтар жөнінде жан-жақты мәлімет алды. Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, есептілікті оңтайландыру, цифрландыруды арттыру және бюрократиялық тосқауылдарды жоюға бағытталған нормалар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайларға қатысты нақты мысалдар арқылы түсініктемелер алды. Сонымен қатар, жаңа талаптарға алдын ала дайындалу және оларды дұрыс орындау бойынша ұсыныстар берілді.

Мұндай «Ашық есік күндері» тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.