
Аксу ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасында алдағы салық заңнамасындағы өзгерістер туралы халық пен кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен қатысушыларды таныстыру болды.
Кездесу барысында жаңа кодекстегі нормалар жан-жақты түсіндіріліп, әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар кәсіпкерлер шағын және орта бизнеске арналған салық салудың ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.