
Панфилов ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған басты мақсат – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері мен өзгерістерін егжей-тегжейлі түсіндіру болды.
Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары, бухгалтерлер және салық саласына тікелей қатысы бар басқа да мамандар қатысты. Қатысушыларға жаңа кодекстің бизнес жүргізу жағдайларына әсері, салық әкімшілігін жеңілдету шаралары және шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге арналған жаңалықтар туралы ақпарат берілді.
Мамандар заңнаманың негізгі өзгерістеріне тоқталып, олардың кәсіпкерлік қызметтің дамуына тигізетін оң әсерін атап өтті. Атап айтқанда, есеп беруді жеңілдету тәртібі, электрондық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту және салық жүктемесін оңтайландыруға арналған нормалар түсіндірілді.
Қатысушылар сондай-ақ қызықтырған сұрақтарын қоюға және жаңа нормаларды қолдану бойынша кәсіби түсініктеме алуға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер салық төлеушілердің хабардарлығын арттыруға, заңнамадағы өзгерістерді алдын ала түсіндіруге және жаңа нормаларды дұрыс әрі тиімді қолдануға септігін тигізеді.