ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР үшін МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР үшін МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Қазақстан Республикасының Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.

ҚР Үкіметінің № 994 қаулысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шешім табысты заңдастыру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады!

Енді сіз келесі қызмет түрлерімен айналыссаңыз, жеңілдетілген режимде жұмыс істей аласыз:

  • Такси қызметі
  • Дайын тағамды тапсырыс бойынша жеткізу
  • Жеке тұрғын үй жылжымайтын мүлкін жалдау және басқару
  • Фотография саласындағы қызмет
  • Спорт және демалыс саласындағы білім беру
  • Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерін көрсету
  • Компьютерлерді, аяқ киімді, зергерлік бұйымдарды және жиһаздарды жөндеу

Ескеретін маңызды нюанстар:

  • Қосалқы коммерциялық қызмет (ЖСЭҚ 82990) тек қана интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтерге ғана рұқсат етілген.
  • Басқа пошта және курьерлік қызмет (ЖСЭҚ 53200) басқа пошта қызметінен басқасына рұқсат етілген.

 Өзіңіздің ЖСЭҚ кодыңызды тексеріңіз! 40 тармақтан тұратын толық тізбе № 994 қаулымен бекітілді. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500000994

2026 жылдан бастап табысыңызды оңай заңдастырыңыз!