
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тас өнімдерін әкелуді реттеуге өзгерістер енгізетін 2025 жылғы 25 қарашадағы № 506 бұйрығы қабылданғаны туралы хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, жекелеген тас өнімдерінің түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден үш ай мерзімге әкелуге тыйым салынады.
Тыйым салу табиғи тастан жасалған брусчаткаға, бордюр тастарға және төсем тақталарға (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6801000000), сондай-ақ жылтыратылған, безендірілген немесе өзге де өңдеуден өткен гранитке (нетто-салмағы 10 кг немесе одан да көп) және ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранитке (коды 6802939000) қолданылады.
Аталған тыйым салудың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жеткізілімдерді жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.