
Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы азаматтар мен кәсіпкерлерді хабардар ету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шара 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіруге арналды.
Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.