
28.10.2026 жылғы Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды. Кездесу барысында кәсіпкерлерге Салық кодексінің нормалары түсіндіріліп, ҚҚС, КТС және ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеу және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.