
Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ақпараттық семинар өтті.
Кездесу барысында басқарма мамандары салық салудың жаңа тәсілдері, салықтық процестерді цифрландыру және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары туралы толық ақпарат берді.
Талқылау кезінде шағын және орта бизнесті қолдау, жеке табыс салығына прогрессивті шкаланы енгізу, сондай-ақ қосылған құн салығына қатысты өзгерістер мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның басты мақсаты – салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету және салықтық сауаттылықты арттыру.