Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өтті

Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өтті

Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу өткізіліп, басқарма мамандары салық заңнамасындағы өзгерістердің басты бағыттары мен жаңашыл тұстарын кеңінен түсіндірді.

Кездесу кезінде қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша енгізілетін негізгі жаңалықтарға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы шаралар туралы ақпарат берілді.