Жекелеген қызмет түрлері бойынша есепке қою тәртібі туралы

Жекелеген қызмет түрлері бойынша есепке қою тәртібі туралы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті тіркеу туралы хабарлайды.

Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:

      1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;

      2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

      3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді;

      4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

      5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

      6) ойын бизнесiн;

      7) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес акциз төлеу жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);

      8) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

          Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі:

  • хабарлама тапсырылған күннен бастап
  • немесе elicense.kz жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап

          Процесстерді автоматтандыру:

2025 жылғы сәуірден бастап СӘИЖ және elicense.kz жүйелері арасында деректер алмасу автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. Дұрыс алмасуды қамтамасыз ету үшін мекенжайдың тіркеу коды (МТК) пайдаланылады.

           МТК қайдан алуға болады:

  • сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен
  • немесе eGov.kz порталы арқылы

 

           Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің мекенжайын нақтылау немесе беру бойынша онлайн-қызмет те қолжетімді:

https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir